Астанада құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қаласындағы Мирзоян мен Момышұлы көшелерінің қиылысында "Алтын Райд" тұрғын үй кешенінің аумағында 9 қазанда сағат 10.58-де құрылыс жұмыстары кезінде ғимараттың жоғарғы қабатынан "Тамыз Инвест Групп" ЖШС-нің жұмысшысының үстіне темір балка құлады. Жарақат салдарынан 55 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты.