Астанада қылмыс әлемінің серкесін босатқан психиатриялық аурухана тексеріліп жатыр

32 жастағы белгілі қылмыс әлемінің серкесі мына психиатриялық  ауруханадан емін-еркін шығып, шаруаларын шешіп жүрген. Жабық мекемеден қауіпті адамның еркіндікте жүргені туралы хабар алған тәртіп сақшылары Жамалиевті үйінің ауласында көлікте отырған жерінде тұтқындады. Негізі ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 2 жыл бұрын

сыбайластарымен бірігіп Елордадағы түнгі клубтардың бірінде атысқан. Салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жараланған еді. Кісі өлтіргендер сотталғанымен, Жамалиев аяқ-асты ақыл есі кем боп шығып, жындыханаға жабылған болатын. Қазір полиция қылмыс әлемінің серкесін жарылқап, қалаған уақытында үйіне жіберген аурухананың қызметін тексеріп жатыр. 

Loading...