Астанада қымбатшылықтан кәсіпкерлер пайда табуға кірісті

Қымбатшылық Астананы күн сайын қысып барады. Мәселен, жарты жылда азық-түлік бағасы бірден 10 пайызға қымбаттаған. Әсіресе, халық күнделікті тұтынатын қант, сұйық май, сүт секілді азықтың құны шарықтап барады. Онсызда қымбатшылыққа ұрынған жұрттың қалтасына кәсіпкерлер де түсе бастаған. Бизнесмендер белгіленген бағаға үстемені еселеп қосып жағдайды ушықтырып отыр. Қазір Елорда әкімдігі дүкен мен базарларда күніге   моноторинг жүргізіп, бағамен ойнағандарды сабасына түсіруге кірісті. 

Loading...