Астанада қыркүйек айында үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан 11 үйдің құрылысы қайта жанданады - телеарна

Бұл тұрғын үйлерді пайдалануға беру келер жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

Астанада 36 мың үлескер қатысқан 200 үй салынған. Әртүрлі себептермен олардың біраз бөлігі салынып бітпеген. Қазіргі уақытта құрылыс салушы компаниялар несие алып, бірқатар нысандарды өз беттерімен аяқтауда. Осы мақсаттарға "Қазына" тұрақты даму қоры арқылы шамамен 40 млрд теңге бөлген үкіметтің пәрменінің арқасында жұмыстар қайта жанданып отыр. Алайда, соған қарамастан, 24 құрылыс әлі де тоқтап тұр, деп еске салады телеарна.