«Астана әкімдігінің шеге қағылған дөңгелектерге қатысты ұстанымы мынадай: әкімдік Астанада шеге қағылған дөңгелектердлі пайдалануына тыйым салмайды», - делінген әкім аппаратының жолдаған сауалына берген жауабында.
Бұған дейін хабарланғандай, сәуір айында елорданы дамыту жөніндегі жиында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов осындай дөңгелектердің жолды бүлдіретінін айтқан болатын. Соған байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шегеленген дөңгелектерлі пайдалануға тыйым салу мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырған болатын.
Әкімдік мәліметінше, Кеден одағы шеңберінде 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап жазда көліктердің шеге қағылған және қыстық дөңгелектермен жүруіне тыйым салынбақ. Ал, 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуроодақ қабылдаған шектеулер енгізіледі.
«2013 жылдың шілдесінен бастап Еуроодақ аумағында шеге қағылған дөңгелектерге арналған жаңа талаптар қолданылады. Ол бойынша, бір метр бойындағы шеге саны 50 данадан аспауы тиіс. Яғни, 2016 жылдан бастап аталған стандартқа сай келмейтін дөңгелектерді сатуға тыйым салынбақ. Ал, Қазақстан аумағында бұрын сатып алынған дөңгелектерді тозғанша пайдалануға болатынын айта кеткімі келеді», - дейді әкімдіктегілер.
«Бұл шектеулер Кеден одағы аумағында 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енбек», - делінген хабарламада.
Осы орайда әкімдік шеге қағылған дөңгелектерді пайдалану мерзіміне қатысты нақты кесте қабылдаған скандинавиялық мемлекеттердің тәжірибесін пайдалануды ұсынып отыр.
«Астананың климаты Канаданың ауа-райына ұқсас. Онда шеге қағылған дөңгелектерді қазанның бірінен сәуірдің 30-ына дейін пайдалануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілеріне жаңа талапқа сай дөңгелектерді алу қажеттігін құлаққағыс етеміз», - делінген хабарламада.