Астанада Қытайдың кино апталығы басталды

Қытай Халық Республикасының құрылғанының 61 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл шара қазанның 6-сына дейін Астана жұртшылығын Қытайдың таңдамалы киноларымен сусындатпақшы.

«Қазақстан мен Қытай халықтарының достығының тарихы тереңде жатыр. Қытай Қазақстанды өзінің сыртқы саяси қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде біледі. Екі ел достығының арқасында мәдени байланысымыз да арта түспек. Бұл кино апталығында сіздер Қытайдың өткен тарихы мен қазіргі заманғы тұрмыс-тіршілігі, сондай-ақ бай мазмұнды Қытай мадениетімен таныса аласыздар», - дейді фестивальдың ашылуында сөз сөйлеген, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжоу Ли.