деп хабарлады astana.kz
Бұл дәстүрлі шара Қытай жаңа жылы қарсаңында Астанада қатарынан 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Көктем мейрамы - аспан асты елі үшін көне әрі басты дәстүрлі мейрамның бірі. «Сондықтан, Қытай елшілігі қазақстандықтарды, қытай азаматтарын және өзге елшіліктер өкілдерін мерекені көңілді көңіл- күймен бөлісуге шақырады», делінген хабарламада.
Гала-концертте «Чжэнчжоу» би және ән театрының әртістері өнер көрсетеді. Ал «ШаолиньТагоу» жауынгерлік өнер мектебінің оқушылары қазақстандық көрермендер алдында дәстүрлі қытай билерін орындап, Шаолинь Кунг-Фу өнерін көрсетеді. Концертте у-шу шеберлерлік әдістері көрсетіліп, Эрху, Суона аспаптары ойнатылады.