Жарысты Қазақстанның джиу-джитсу федерациясы және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі ұйымдастырды.
Бұл бәсеке алғаш рет 10, 14 және 17 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Аталмыш додаға Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары және Астана қаласы құрама командаларынан 5 пен 17 жас аралығындағы 160 спортшы қатысуда.
«Осынау деңгейдегі жарыс біздің елде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш Қазақстан кубогі ресми реестрге енгізілген және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен өтуде», - дейді республикалық федерацияның бірінші вице-президенті, джиу-джитсудан бас бапкер Руслан Әбдіреев.