"Комиссия Сыртқы істер министрлігінің, республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын Есеп комитетінің, Республикалық гвардияның және Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің бюджеттік өтініштерін қарастырды. Талқылау барысында қарастырылып отырған ведомстволардың бірінші басшыларының баяндамалары мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің қорытындысы тыңдалды", - деп атап көрсетілген отырыстың соңын ала жарияланған баспасөз қызметінің хабарламасында.