Астанада республикалық "Отан" саяси партиясының кезектен тыс оныншы сьезі басталды

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сьезге қатысушылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың біріккен "Отан" партиясының алдына қойған мақсат-міндеттерін талқыға салады.

Сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың "Отан" партиясына бірігу жөніндегі шешімі қаралады. Сонымен бірге партияның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралады. Сьезде "Отан" партиясының атауын өзгерту мәселесі де талқыланады деп күтілуде.

Партияның басты форумына еліміздің шартарабынан 700 делегат шақырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті