Астанада РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы күндерінің ашылу салтанаты өтті

"Елімізде Федерация Кеңесінің күндері секілді шаралар өткізу - екі елдің көп ұлтты халықтары арасындағы байланыстың нығая түскеніне тағы бір дәлел болмақ",- деді шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев.

Ресей - Қазақстанның басты сауда әріптесі, деді Н.Әбіқаев. Оның айтуынша, биыл Қазақстан мен РФ арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларды құрады, бұл 2003-жылғыдан 1,5 есе артық. Қазақстанның жалпы тауар айналымының үштен бір бөлігі Ресейдің үлесінде, деді сенат спикері. Сауда-саттық саласында әсіресе Ресейдің Омбы, Новосибирск және Алтай аймағы секілді шекаралық аймақтарымен өзара ынтымақтастық айрықша белсенді дамып келеді, деді Н.Әбіқаев.
Сенат төрағасы екі елдің парламенттері экономика, әскери-техникалық сала мен лаңкестік және есірткі айналымымен күрес салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда айрықша маңызға ие екі және көп жақты құжаттарды бекітуге бағытталған жұмыстарды алдағы жылы да жалғастырады дегенге сенім білдірді.