Астанада С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің финалдық бәсекелері өтуде

Оған Халық қаһарманы С. Нұрмағамбетов құрметті қонақ ретінде қатысуда.

18 жыл бойы өтіп келе жатқан дәстүрлі дода биыл алғаш рет Астанада жалауын желбіретті. Оған жыл сайын алыс және жақын шетелдерден 150-ден астам белгілі спортшылар қатысады.

Айта кету керек, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бахтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков, Еркебұлан Шыналиев және басқа да былғары қолғап шеберлері әскер қатарында жүріп, дәл осы турнирде көзге түскен болатын.

Биылғы бәсекеге еліміздің облыстарынан 13 команда, Ирак, Моңғолия, Сирия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 7 команда, барлығы 125 боксшы қатысты. Финалға 10 салмақ дәрежесі бойынша 20 спортшы шығып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс 8 мамыр күні басталған болатын.