Астанада сабақ үстінде сыныптасын өлтірген оқушыға қатысты қылмыстық істі тергеу тоқтатылды


Бұған күдіктінің қылмыс жасаған кезде істеген әрекеті үшін жауап беретін жасқа толмауы себеп, деп хабарлайды елорда прокуратурасы.
Хабарламаға сүйенсек, «Күдікті 2014 жылдың 17-сәуірінде туылған және қылмыс жасаған кезде жауап беретін жасқа жетпеген». Соған байланысты ҚПК 1-бөлімі 35-бабының 2-тармағы бойынша істі тергеу тоқтатылды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «өз міндеттерін тиісінше орындамай, психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған баланың жалпы білім беретін мектепте оқуына жол берген денсаулық сақтау және білім беру саласындағы лауазымды тұлғаларге қатысты іс ІІМ тергеу департаментіне берілді».
Бұған дейін хабарланғандай, 2014 жылдың 16-қыркүйегінде 8-сынып оқушысы дауласып қалған сыныптасының кеудесіне қаламмен ұрған. Жарақат салдарынан оқушы сол жерде жан тапсырды.
Тексеру барысында прокурорлар жасөспірімнің «сыныптасына пышақ салып алғанын» анықтады. Күдікті оқушы психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған болатын.