Үкімет басшысы құрылыс қарқынына қанағаттанатынын білдірді. Негізгі жұмыстар аяқталған. Қазір құрылысшылар бөлмелерді әрлеумен айналысуда.
Бейбітшілік пен келісім сарайы Манас көшесінде Есілдің оң жағалауында салынып жатыр. Ол биіктігі 62 метрге жететін пирамида түрінде. Бұнда діни шаралар залы, Қазақстан халықтары ассамблеясының кеңсесі, мұражайлар, көрме залы, қысқы бақ және университет орналасады. Ғимараттың жобасын әлемге танымал сәулетші Норман Фостер жасаған.
Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші съезі осы сарайда өтеді деп жоспарлануда.