Астанада салынып жатқан ғимараттың төбесі құлау салдарынан "Инженерлік корпорация" ЖШС-нің жұмысшысы қаза тапты

Астана қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, қайғылы оқиға 4-желтоқсанда 15 сағат 20 минутта қауіпсіздік техникасын бұзу салдарынан болған. Үй қабатының төбесін бетоннан құю барысында көп адамның салмағын көтермеген уақытша опалубка құлап кеткен. Соның салдарынан "Инженерлік корпорация" ЖШС-нің 24 жастағы жұмысшысы қаза тауып, тағы 7 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің алдын-ала болжамы бойынша, апаттың шығуына қауіпсіздік техникасын бұзу себепкер болған. Жұмысшының қаза табу себептерін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік инспекциясы тексеруде.