Астанада салынып жатқан "Москва" бизнес орталығында болған жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты - ТЖМ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кешен ғимаратының 12-ші қабатында оттегі баллоны жарылған. Соның салдарынан бес адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды.

Қаза тапқандардың бәрі де бизнес орталығын салып жатқан мердігерлік ұйымның жұмысшылары.

Оқыс оқиға орнына Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем келіп жетті.

Бизнес оорталықты "Базис-А" корпорациясы салуда.