Сол себепті «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының өкілдігі бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Үміткерлер дер кезінде барлық келушілерді қарсы алып, билет сатып алуға жәрдемдесуі тиіс. Сондай-ақ жарнама жасайтын дикторлар да қажет. Оларға міндетті түрде ағылшын тілін білу талабы қойылған. Айта кетейік, жұмысқа орналасуға ниет білдіргендер көп. Енді мекеме өкілдері іріктеу кезеңін өткізеді.
Естеріңізге салайық, жаңа вокзал 1 маусымда іске қосылады. Оған дейін қызметке жаңа тұрған азаматтар арнайы курстан өтеді.
- Жаңа вокзал арқылы тәулігіне 56 пойыз өтеді. Ғимарат 6 қабаттан тұрады. Бізде 3 платформа бар. Жазда EXPO көрмесі өтетіндіктен, халық көп келеді. Сол себепті біз жедел әрі сапалы қызмет көрсетуді үлгеріп отыруымыз керек. Әрине, жәрмеңкеге келген адамдардың көбінде қажетті дағдылар жоқ. Сол себепті іріктеуден кейін біз оларды өзіміз үйретеміз. Емтихан тапсырғаннан кейін үздіктерін анықтап, жұмысқа аламыз, дейді «ҚТЖ» АҚ» ҰК «Теміржол вокзал кешені» өкілдігінің директоры Дінмұхамед Құсайынов.
- Мен көлік және коммуникация колледжін бітірдім. Өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасқым келеді. Құжаттарымды тапсырдым. Қойылған сұрақтарға жауап бердім. Енді олардың шешімін күтемін, дейді қала тұрғыны Саттар Бертілеу.