Астанада Саңыраулар театрының алғашқы премьерасы өтті

Шыны керек, театр жастарының есту қабілеті төмен болса да, олардың актерлік шеберліктері кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Олардың сахнада өзін-өзі ұстауы, барлық іс-қимылды нақышына салып орындауы, өнерге деген құлшынысы, эмоциясы - бәрін сөзсіз-ақ түсінуге болатындай. Жастар әрбір кейіпкердің образын ишара белгілер арқылы сомдады. Оны тамашалаған көрермен қауым - зағип жандардың қуанышында шек болмады. Олар да өнерді түсінеді, сезеді.

Бүгінгі қойылым жас режиссер Данияр Малғаждаровтың дипломдық жұмысы екен. Бірақ ол бұл қойылым есеп емес, шын жүректен шыққан туынды деп біледі. «Шыны керек, бас кезінде қиындау болды. Мен сахнада әрі-бері жүріп, бұл бастамадан бас тартсам ба деп те ойладым. Алайда жастардың көзіндегі отты көрген кезде, мен одан да қатты жігерлендім. Олардың сөзсіз қуанышы маған күш-қуат берді», - дейді Д.Малғаждаров.

Саңыраулар театрының бүгінгі премьерасына театр өнерінің майталмандары да жоғары баға беріп отыр. «Есту қабілеті төмен болып туу бұл тағдыр тауқыметі ғой. Сондықтан бұндай қойылымдарды жай отырып көру мүмкін емес. Жүрегі, санасы бар адам бір қуанып, бір күйзеліп отырады. Енді, Алла тағала біреуге бәрін берсе, екіншісін кемсітіп қояды. Есту қабілеті нашар жастар да оған кінәлі емес. Осындай балалардың үмітін оятып, көзіне қуаныш сыйлап, көпшіліктің алдына сахнаға шығу бақытына бөлеу үлкен сауапты іс деп білемін», - дейді Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек.

Жастардың ата-аналары да режиссерге мың алғыстарын білдіріп, бұл бастаманы әрі қарай жалғастыруды өтінді.