Астанада Санкт-Петербордың мәдени күндері басталды


Кеште Санкт-Петербор Мемлекеттік оркестрі, Михайловский театрының жеке солистері өз өнерлерін паш етті. Олар баян, ксилофон және балалайка, т.б. аспаптардың сүйемелдеуімен ән айтып, жыр салды. Концертте Шраус, Глинки, Понкьелли, Кальмана сынды классиктердің шығармалары, сондай-ақ орыстың халық әндері орындалды.

Шара аясында «Графикадағы Санкт-Петербордың тарихы мен мәдениеті» көрмесі ашылды. Онда қаланың 300 жылдығына арналған коллекциялық альбомның суреттері таныстырылды. Ал «Петербор симфониясы» атты қазіргі заман көрмесінде жалпыресейлік фотоконкурсында үздік деп танылған 20 еңбекті көруге болады.