Өзгерістің енгізілгеніне бірнеше ай өтсе де, астаналықтар әлі күнге дейін "сарыға" өтіп жүр, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Наурызда Астана полициясы тұрғындарға бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салынғанын еске салды. Заңбұзушылықты камералар автоматты түрде түсіре бастады.
Дегенмен, көптеген жүргізуші әлі күнге дейін "сарыға" өтіп және айыппұл алып жүр.
"Шынымды айтсам, әлі үйрене алмай жатырмын. Осы уақытқа дейін сары түске өтуге болатын және ол үшін ешқандай жаза болмады. Бірақ қазір ереже өзгерді және бұл үйреншікті болмай жатыр. Мен оны осы уақытқа дейін бір рет ғана бұздым. Бірақ, келісемін, енгізілгені дұрыс болды", - деп мойындады астаналық жүргізуші Сергей.
Айта кету керек, қазірдің өзінде Астананың барлық дерлік қиылыстары бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен көліктерді автоматты түрде анықтайды. Бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Тілшінің ресми сауалына жауап берген Астана Полиция департаменті тіркеу енгізілгеннен бері қалада 13 мың 200-ден астам заңбұзушылық тіркелгенін хабарлады.
"3 наурыздан бастап "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендерінің жұмысына мұндай заңбұзушылықтарды тіркеу енгізілді. Осы кезеңнен бері бағдаршамның сары түсіне өткендер 13 мың 200-ден асты, жалпы сомасы 343 миллион 300 мың теңге болады.