Астанада саудагер әйелдер сот орындаушысын сабап тастай жаздады

-Айқайламай сөйлеңізші!

-Айқайлаймын мен! Неге айқайламаймын!

Айқайға басып шу шығарып жатқан «Шарын» базарының сатушылары. Өйткені таң ата жеткен сот орындаушылары барлығын сауда орындарынан қуып жатыр. Яки, базар қоршауына жапсарлас орналасқан 70-тен астам бутик заңсыз орналасқан. Сол үшін бірі қалмай тегіс сүрілмек.

Мөлдір Әмірбекова, сатушы:

-Мен 6 баламды алып келіп қояйын. Сол балаларымды өлтіріп қана кірсін мында. Мен «Шарын» базарында тұрғаныма  8 жыл болды. Осы  уақытқа дейін ешкім тиіспеген бізге.

Алайда, заң өкілдері әй-шайға қараған жоқ. Сауда орындарын сүреміз деп бекініп алған. Себебі, қолдарында заңсыз сауданы жабу жөнінде былтыр шыққан сот шешімі бар.

Ердәулет Болысбеков, сот орындаушы:

- 6-7 рет ескерту қағаздары берілген. Менің құзыретім бойынша. Біз қазір күштеп соттың шешімін орындаймыз. Осы уақытқа дейін. 6 ай уақыт.

Осылай деп бутиктерге беттеген сот орындаушыларының өзі-ақ, іштегі тауарларды тысқа тасып шығармақ болды. Сатушылардың төзімін тауысқан да осы. Әсіресе, ашуға булыққан саудагер әйелдер заң өкілінің жағасына жармасып сабап тастай жазады.Келіншектерді алға жіберген  еркектер жағы төбелесті жай қызықтап ғана тұр.

-Түсір! Түсір! Көтеріліс болады қазір.

Шақыр шақыр полицейлерді!

Сот орындаушысын жұлып жей жаздаған әйелдерді полицейлер келіп ажыратпаса болмады. Ал, бұдан кейін Ерболат Болысбеков тіптен ашуға булығып көмек шақыра бастады. Алайда халықтың айқайынан сескенсе керек, тәртіп сақшылары керісінше сот орындаушының өзін күшпен алып кетті. Ал, сатушылар жаппай арыз жазып, дөрекілік танытқан Болысбековтың өзін сотқа бермек.

-Осылайша «Шарын» базарындағы шу жаппай төбелеске ұласып кете жаздады. Енді сатушыларға қолындағы тауарын сатып біткенше жұмыс істей тұруға уақыт берілді. Ал, кейін сот шешіміне сәйкес заңсыз орналасқан сауда орындарының бәрі сүрілмек.

Loading...