Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, семинар мақсаты - "Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы компанияларына жаһандық бәсекеге қабілеттілік пен көшбасшылыққа жетудің ең тиімді әрі қысқа жолын көрсету, Лин ("lean production" - үнемді өндіріс) концепциясының негізіндегі өсімнің өндірістік жүйесін құрудың озық тәжірибесімен алмасу, тиімділік проблемасының салалық шешімдерін жасайтын жаңа механизмдерді талқылау, ішкі резервтерді қосу есебінен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың үздік тәжірибесімен алмасу". Семинарды Lean Plus Inc. президенті әрі Lean Manufacturing жүйесін енгізу тобының директоры, "Инструменты бережливого производства" ("Үнемді өндіріс құралдары") кітабының авторы Майкл Вейдер (Колорадо Спрингс, АҚШ) мен "Центр Оргпром" директоры Алексей Баранов (Ресей) жүргізеді деп күтілуде.
Ұлттық жобалардың жүзеге асырылу тиімділігін бұдан гөрі жақсарту үшін семинарды ұйымдастырушылар заманауи өндірістік және іскерлік жүйелерді зерттеу мен игеру қажеттігіне қызығушылық танытқан барлық тараптардың назарын аударуға ниет танытып отыр. "Үнемді өндіріс жүйесін Қазақстан компанияларының кеңінен қолдануы шығындарды азайту және үрдістерді оңтайландыру есебінен өндірісті бірнеше есе ұлғайтуға жәрдемдеседі", - деп есептейді семинарды ұйымдастырушылар. "Аталмыш жоба кәсіпорын басшыларына бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективасын көруге, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, өндіріс тиімділігі мен оның қауіпсіздік деңгейін арттыруға, шығындарды үнемжеу жөніндегі ақпарат алуға және өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік бермек. "Қазинвест" Қазақстан компанияларын семинарға қатысуға шақырады", - деп атап көрсетті компанияның баспасөз қызметі.
Семинарды ұйымдастырушылар - "Қазинвест" Қазақстанның инвестицияны қолдау орталығы мен Ресейдің "Центр Оргпром" компаниясы. "Қазинвест" инвестиция тарту және Қазақстанның инвестициялық бейнесін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік компания болып табылады. 2006 жылдан бастап "Қазына" мемлекеттік холдингінің құрамына енген.