Айыпталушылардың мүддесін үш қорғаушы, яғни Андрей Петров, Мәдина Бакиева және Серікқали Мусин қорғауда.
Естеңізге сала кетейік, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев 2016 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлерімен ұсталған болатын. Оған қатысты салық төлеуден жалтару мен бюджет қаржысын жымқыру айыптары тағылып отыр.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 24 ақпан күні сот қаулысы бойынша Сейітқазы Матаев үй қамаққа алынған. 2016 жылы 21 шілдеде Алматы прокуратурасы күдікті С. Матаевтың ісін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотына жолдады.
Ағымдағы жылы 27 шілдеде сот Сейітқазы Матаевтың үйқамақта болу мерзімін екі айға - 22 қыркүйекке дейін ұзартты.
Атап айтқанда, сот отырысы ашық тәртіпте өтіп жатыр. Осы ретте БАҚ өкілдері арнайы залда сот отырысын экран арқылы тікелей көріп отыр.