Астанада сексен мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

«Биылғы жылдың бірінші тамызындағы мәліметтерге қарағанда, Астанада 6 жасқа дейінгі 79 мың 900 бала, 3 пен 6 жас аралығындағы 53 мың 864 бүлдіршін

кезекте тұр», - дейді елорда прокурорының аға көмекшісі Шолпан Көшенова.

Астанада 33 мың 164 бала мектепке дейінгі тәлім-тәрбиемен қамтылған. Қаладағы 173 бала-бақшаның 75-і мемлекет меншігінде.

«Мектепке дейінгі мекемелердің көптеп салынуына қарамастан, жыл сайын кезектегі балалар саны азаймай отыр», - деп атап өтті ол.


Мемлекеттік 75 бала-бақшада тиісті 16 мың 691 баланың орнына 20 мың 974 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Бұл бала-бақшалардың жобалық сыйымдылығынан 20,4 пайыз артық.