Астанада «Семь бочек» тұрғын үйінің сыртқы қаптамасы өртенді

«Семь бочек» тұрғын үйі отқа оранғаны туралы хабар келіп түсті.  Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына жеткенде №5 үйдің 12-ші қабатынан 15-қабатына дейінгі аралықта үйдің сыртқы қаптамасы өртенгені анықталды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минуттан кейін келіп жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады.

Өрт сағат 16.30-да өшірілді. Оған 6 техника мен жеке құрамның 29 адамы тартылды.


Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс атқарып жатыр. Жапа шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.