Астанада сенат депутаттарының сайлауы барысында қазіргі сенат дерпутаты Аманжол Бөлекбаев жеңді

Сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, А.Бөлекбаев 20 сайлаушының дауысын жинады.

Екінші үміткер ретінде тіркелген заңгер Талғат Құсдәулетов 1 дауысқа ие болды.
Жалпы алғанда Астана қалалық мәслихатында 22 депутат бар. Бүгінгі сайлауға депутаттар толық қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.