Астанада сенбі күні түнде 31 мас жүргізуші ұсталды

Рейд барысында жол полициясының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 74 оқиғаны тіркесе, оның 31 көлікті мас күйінде жүргізуге қатысты, 30 дерек көшелердің қиылысын бағдаршамның тыйым салынған белгісімен өтуге байланысты болған, 30 көлік айыппұл тұрағына жіберілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен аптада Астана жолдарында сегіз жол апаты тіркеліп, соның салдарынан екі адам жарақаттанып, екі адам қаза тапты. Жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 3514 оқиға, соның ішінде көлікті мас күйінде жүргізген 83 жүргізуші ұсталып, қозғалыстың қарсы бетіне шығып кеткен 136 адам, апаттық жағдай тудырғаны үшін 54 адам жаза жүктеді. Жылдамдықты асырып жіберген 344 жүргізуші ұсталып, 145 автокөлік айыппұл тұрағына жіберіліп, 3 адам есірткімен ұсталды.