Астанада шамамен он пәтерге ұрлыққа түскен топ ұсталды

Астанада оншақты үйге ұрлыққа түсті деген күдікпен жұмыссыз төрт адам ұсталды, деп хабарлады астаналық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.


           Жұмада таралған ақпаратқа қарағанда, олардың ішінде бұрын сотталған екеуі "ізін суытпастан" ұсталды.
           "Жауап беру кезінде олар Астанада бірқатар үйлерге ұрлыққа түскендерін мойындаған.Тінту кезінде полиция қызметкерлері ұрланған заттардың бір бөлігін тапқан, қалғанын олар аз ғана ақшаға сатып жіберген", делінген онда.
           Пәтерге олар үй иелерінің жоқ екендігін алдын-ала біліп алып, құлыптың өзегін бұзу арқылы кірген.
           Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаларға қатысты республиканың Қылмыстық кодексінің 175 бабы бойынша іс қозғалған, олар изоляторға отырғызылды.