Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының банкаралық бірлестік мүшелерінің отырысы өтті

ШЫҰ БАБ кеңесінің төрағасы Мұқан Сағындықов атап өткеніндей, Шанхай ынтымақтастық ұйымының банкі бірлестігін құру үшін, бірлескен банк мүшелері ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында құқықтық және ұйымдастыру базасын күшейтуге бағытталған шараларды іске асырып, үлкен жұмыс атқарды.

"Алайда БАБ қатынастарының қарқынды дамып, қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, банк мүшелері экономика саласындағы түрлі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру және бірлестік жұмысын жандандыру үшін үлкен жұмыс атқару керек", - делінген баспасөз хатында.

БАБ бүгінгі күні ұйымға кіретін мемлекеттерге екі жақты тиімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін, барлық жағдай жасалған.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, отырыс кезінде бірлескен жобаларды іске асыру кезінде салынатын инвестицияларды сақтандыру және кепілдендіру механизмдері, ШЫҰ іскерлік кеңесін және ШЫҰ қарамағындағы бақылаушы мемлекеттердің қаржы институттарымен қарым-қатынас жасаудың тиімділігі, БАБ мүшелерімен ұсынылып отырған бірлескен жобалар жаңартылды. Сондай-ақ, бірлестік кеңесінің күн тәртібінде тұрған басқа да мәселелер талқыланды.

ШЫҰ мүше мемлекеттерінің өкілетті банктері арасындағы банкаралық ынтымақтастық жөніндегі келесіміне 2005 жылдың 26 қазанында қол қойылды. Бүгінгі күні ШЫҰ БАБ банк мүшелеріне : "Қазақстан Даму Банкі", Қытай Мемлекеттік даму Банкі, "Есептік-жинақтау Компаниясы" (Қырғыз Республикасы), "Сыртқы экономикалық қызмет және Даму Банкі (Внешэкономбанк) Мемлекеттік корпорациясы" (Ресей Федерациясы), Тәжікстанның Ұлттық банкі және Өзбекстан Республикасының сыртқы экономикалық қызмет банкі кіреді.

Бішкекте ШЫҰ БАБ кеңесінің III-отырысы аясында "Қазақстан Даму банкі" АҚ 2007 жылдың 15 тамызында 2007-2008 жылдарға ШЫҰ БАБ кеңесінің төрағасы болып сайланды.