Астанада «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы ашылды

Орталықта мұқтаж жанға әлеуметтік сала бойынша қызметкер мен психолог маман көмек көрсетеді.

Ал мамандандырылған медициналық кабинеттерде тексеру, талдау жүргізіліп, тегін дәрі-дәрмек беріледі.

Орталық зорлық-зомбылық көрген және өмірінде қиындыққа тап болған жасөспірімдерге қолдау көрсетеді.