"Орталықтың мақсаты - түрлі шиеленісті ахуалдарды сотсыз шешу, оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру, түрлі тренингтер мен семинарлар өткізу, маманды медиаторларды дайындау, азаматтар мен ұйымдарға ақыл-кеңестер беріп бағдар сілтеу болып табылады",- деді В.Сиврюкова.
"Дауды соттарда шешу - бір жақ міндетті түрде жеңіліс табатын шығынды әрі әсіре ұзаққа созылатын процедура. Ал біз түрлі шиеленістер мен дау-дамайларды шешудің медиаторлық деп аталатын мүлдем жаңа жолын ұсынамыз. Бұл тәсіл тараптарға көзқарас қайшылығын екі жақты бірдей қанағаттандыратын жолмен реттеуге мүмкіндік береді",- деді Қазақстан еңбеккерлері конфедерациясының президенті, мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов.
В.Сиврюкованың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен орталық заңды тұлғалар арасындағы бір, отбасындағы бір дау-дамайды және жұмыс беруші мен жалдамалы қызметкерлер арасындағы бір дау-дамайды реттеуге қол жеткізді. "Біз үшін бұлар тәжірибелік іс-қызмет бойынша алғашқы қадамдар болды" ,- деді В.Сиврюкова.
Қазіргі жағдаймен орталықта 15 маманды медиатор жұмыс істейді. Олар Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде оқып қайтқан. 15 адамның жетеуі халықаралық медиатор деген квалификация алды. "Әзірге орталық тегін қызмет көрсетуде. Бірақ болашақта біз ақылы қызмет көрсететін боламыз",- деді В.Сиврюкова.
Дау-дамайларды медиация тәсілін пайдаланып сотсыз шешу тәжірибесі Ресей, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.