Мектепте оқушыларға шіріген лимондар, шошқа етінен жасалған тағамдар мен мерзімі өтіп кеткен өнімдерді берген.
Бұл туралы elorda.info хабарлайды.
«Бұл мәселеге барынша мән берулеріңізді сұраймыз. Балалардың құсып, жүректері айнығаннан кейін белсенді ата-аналар мектептегі тағамдарды тексерген болатын. Мектеп асханасы тексерілді барлығы сурет пен видеоларда анық көрсетілген. Балық пен күріш Қытайдан әкелінген, ал тағамдардың мерзімі өтіп кеткен және сапасы да өте нашар. Осы тағамдарды бірінші сынып оқушыларына беріп отыр. » - деп жазады Facebook қолданушысы Раушан Нұрғалымова.
Пост әлеуметтік желіге 10 қазан күні шыққан болатын.
Ал келесі күні елордалық білім басқармасы бұл жағдайды тексерген болатын. Азық-түлік өнімдерін жеткізушілермен, ата-аналар қауымдастығымен және мектеп әкімшілігімен кездесу ұйымдастырылды.
«Ата-аналардың айтқаны расталды. Мектеп басшылары кінәларын мойындап, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынын хабарлады. Барлық ескертулер мен мерзімдер ресми журналға енгізілді» - деп хабарлайды білім басқармасының баспасөз хатшысы.
Білім министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен оқу жылынан бастап Астанадағы мектеп асханаларының ата-аналар қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп мониторинг жүргізілді.
«Ата-аналармен жұмыс кезінде айтарлықтай өзгерістердің орын алғаны байқалады. Бүгінгі күні барлық мектептерде мектеп қызметкерлері, медицина қызметкерлеріі және ата-аналар қауымдастығының өкілдері бірігіп мектептегі азық-түліктерді қатаң түрде тексеріп тұрады.
Олар анықталған бұзушылықтарды анықтап, оларды мектеп басшылығына жеткізеді. Құқық бұзушылықтарды, қателіктің қайталанған жағдайдында басшылық осы кәсіпкерлермен келісім шартты бұзады. Сондықтан біз осы бағытта ата-аналармен бірге жұмыс жасай беруді жалғастырамыз », - дейді Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Осы мектептегі балаларға тағам дайындайтын компанияға15 миллион теңге инвестиция құйылғаны белгілі. Қыркүйекте мектептің ашылуы болып, 1 қыркүйек мектептің ашылуына елбасы арнайы қонақ болды.
№ 85 мектеп-лицейіндегі тағамға қатысты шағымның бұл алғашқысы емес. Осы мектептегі тағамдарының бұзылғаны жайлы бұрындары да БАҚ жазған болатын.