Астанада ШЫҰ елдерінің жоғарғы сот өкілдерінің жиналысы өтеді

І. Омаров атап көрсеткендей, жиналыста төрағалар сот саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту перспективасын талқылап, соттардың экологиялық заңдарды қолдану проблемасын, сондай-ақ, соттардың халықтың көші-қоны саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды.

Сонымен бірге, СІМ хабарлауынша, Астанада 19 мамырда "Шанхай ынтымақтастығы ұйымы - өңірлік ынтымақтастықтың қазіргі үлгісі" тақырыбында парламенттік дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Оған ШЫҰ-на мүше және бақылаушы елдердің елшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ, Қазақстанның ғылыми ортасының өкілдері қатысады.

"Аталмыш шара барысында өңірдегі қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары, ШЫҰ кеңею перспективасы қаралатын болады", - деп толықтырды баспасөз хатшысы.