Астанада «Сиқырлы түн» жаңажылдық мюзиклі өтеді


Астанада Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында 12 қаңтар күні «Сиқырлы түн» жаңажылдық мюзиклі өтеді.

Бұл туралы қордың баспасөз хабарламасында айтылған.

Актерлер - бұл дарынды балалар, вокалистер мен бишілер. Жобаның негізгі мақсаты - балалар шығармашылығындағы «мюзикл» жанрын насихаттау және талантты балаларға қолдау білдіру. Бұл осы шығармашылық саласындағы алғашқы жоба болып табылады.