Ұжымның көркемдік жетекшісі ҚР халық әртісі Айман Мұсахаджаева. Оркестрдің бас дирижері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаходжаева. Концерт барысында австриялық ұлы композитор Вольфганг Амадей Моцарттың туындылары орындалады.
Концертте Моцарттың «Дивертисмент», "Оркестрмен скрипка және альт үшін симфония-кончертанте", "Оркестрмен екі фортепианоға арналған №7 концерт" атты шығармалары орындалмақ.
Оркестрмен бірге ұжымның маңдайалды музыканттары Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері Асқар Дүйсенбаев (скрипка) пен Дастан Балағұмаров (альт) және итальяндық танымал пианистер Марко Скьяво мен Серджио Марчеджиани жеке орындауда өнер көрсетеді.