Бұл туралы өнер ордасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұжымның көркемдік жетекшісі - ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, оркестрдің бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсақожаева.
Австриялық атақты композитордың шығармаларын көрермендерге Ресей халық әртісі, Мәскеу консерваториясының және Хельсинкидегі (Финляндия) Сибелиус атындағы академияның профессоры Александр Винницкий (скрипка) тарту етеді. Дирижері - Геннадий Рождественский сыйлығының лауреаты Илья Гайсин (Ресей).
Бағдарлама екі өнер кешіне - 12 және 14 қазандағы концерттерге ұласады.
Сондай-ақ концертке Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Березницкий (альт) қатысады.