Оны бұрынғы теннисші Юрий Щукин басқарады, деп жазады vesti.kz.
Енді қандай да бір жарақат алған кәсіби спортшылар емделу үшін Қазақстаннан тысқары шығып әуре болмайды.
«Бұл ойды жүзеге асыруды екі жыл бұрын Юрий Щукин мақсат еткен болатын. Енді міне, ол орындалды. Әрине, бұл енді біздің спортшыларымызға қандай да бір процедураларды алу үшін шетелге шығуға жұмсайтын уақытын да, қаржысын да үнемдеуге мүмкіндік береді», - дейді Қазақстанның теннис құрама командасының капитаны Диас Досқараев.
Орталықтың есігі барлық спортшылар үшін ашық. Оның ашылу салтанатына спорттық ойындар түрлерінің жетекшілері мен өкілдері, сондай-ақ аталмыш салаға қатысы бар мамандар мен дәрігерлер келді. Ал Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев тіпті кей процедуралардан өзі бастап өтіп көрді. Сондай-ақ еліміздің хоккейшілері мен теннисшілері де бұл шарадан құр қалмады.
«Мұндай процедуралар теннисшілерімізге ғана емес, боксшыларымызға да, хоккейшілерімізге де, футболшыларымызға да, жеңіл атлетшілерімізге де аса қажет. Себебі, бұл жерде жарақаттанудың алдын алатын диагностикалау процедуралары қарастырылған. Орталық спортшыларға өзінің денсаулығын, даярлығын аз уақыт ішінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін Д.Досқараев.