Астанада спорттық кеме жасаудан Қазақстаның ашық чемпионаты өтеді

№1 лицей-мектебінің ғимаратында өтетін бұл жарыстарға Астана мен Алматы қалаларының өкілдері қатысады. Жарысты ұйымдастырушылар үлкенді-кішілі, жылдам, қағаздан жасалған және радиобасқарымды кемелер, қайықтар, яхталар, катерлер жарысты тамашалаушылардың да көңілінен шығатынына еш күмәнданбайды. ҚР Кеме үлгілерін жасау федерациясының президенті Роберт Баймұхамедовтың айтуынша, Қазақстанда спорттық кеме жасауда 22 кеме үлгілері жақсы дамыған. Ал әлемнің өзге елдерінде бұл сан 49-ға дейін жетеді. Бұл додада үздік шыққандардан жасақталған ұлттық құрама алдағы уақытта ТМД елдері Кубогына қатысады және тамыз айында Германиядағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.