Астанада студент қызды атып өлтірген Жоғарғы соттың бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім шықты


Алдияров абақтыға кем дегенде үш жылға жабылу керек еді. Алайда, оған марқұмның ата-анасы толық кешірім беріп, судья бұрынғы әріптесіне қатысты үкімді жеңілдетіпті. Қайғылы оқиға биыл наурызда болған. Дархан Алдияров есімді заң өкілі көрші пәтердегі туған күн тойлап жатқан студенттердің шуына шыдай алмаған көрінеді. Ескертуге құлақ аспаған соң, 30 жастағы жігіт үйдегі аңшы қаруын алып думанды кеш өтіп жатқан баспананың есігін атқан. Оқ сол мезетте тура есіктің аржағында тұрған 18 жастағы қызға тиіп, жан тапсырады.