"Астана қалалық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 20-мамырда жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында "Ак-Центр" сауда орталығының жанында бокс спортының шебері мен самбо спортының шеберін ұстаған",- деп хабарланған баспасөз баянында. Ақпарат орталығының мәліметтеріне сүйенсек, олар қорқыту және күш көрсету арқылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-ші курс студентінен 1000 АҚШ долларын бопсалаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті