Caravan Logo

Астанада су құбырында екі апат болды

Астанада су құбырында екі апат болды

ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Желтоқсан көшесінде 24 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 150 миллиметрді құрайтын су құбырының жарылуы салдарынан Желтоқсан көшесіндегі екі үйдің, Бөгенбай даңғылындағы бір үйдің тұрғындары, №2 балалар ауруханасы мен музыка мектебі сусыз қалды.

Сондай-ақ, Астананың №2 ықшамауданында апат болды. 25 қарашада сағат 03.10-да диаметрі 200 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан №2 ықшамаудандағы бес, №2 "а" ықшамаудандағы екі үйдің тұрғындары, №30 орта мектеп пен №59 балабақша су ала алмай қалды.

Жөндеу жұмыстарын бүгін "АстанаСуАрнасы" ҚКК апаттық тобы жүзеге асырады.