Астанада су құбырындағы апатты жою бағытындағы жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астанада жеті үйдің тұрғындарының сусыз қалуына алып келген су құбырындағы апатты жою бағытындағы жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда

Бұдан бұрын да хабарлағаныымздай, 17 қарашада сағат 10.18-де Астанада Мұстафин көшесінде "Енисей-А" ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен "Достар" және "Достар-2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.