Астанада су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды

ТЖМ мәліметінше, 1 маусымда 10 сағат 30 минутта диаметрі 300 мм су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төтенше жағдайды жою жұмыстарына "АстанаСуАрнасы" МКК апатты жою тобының 4 адамы және 1 арнайы техникасы жұмылдырылды. 2 маусымда 01 сағат 15 минутта қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жасалды.