Астанада су құбырының жарылуынан 16 үй сусыз қалды -ТЖМ

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Алматы ауданындағы Молодежный ықшам ауданында 10 наурызда 22 сағат 45 минутта Ташенов көшесіндегі №26 үйге қарама қарсы жатқан диаметрі 300 мм су құбыры жарылып №№ 26, 32, 33, 34, 36, 37, 39, 40, 41, 12, 46, 47, 50/1 көп пәтерлі үйлер мен Бараев көшесінде тұрған №№ 9/1, 11, 19 тұрғын үйлер сусыз қалды. Су құбыры 11 наурызда қалпына келтіріледі.

"ТЖ жою жұмыстарына "АстанаСуАрнасы" 15 адамы және 9 бірлік техника жұмылдырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.