"Астанада су тасқынына қарсы шаралар аясындағы жұмыстар қолға алынды. Қысқы кезең басталғалы, яғни 2007 жылдың 7 қарашасынан бастап, қала сыртында жатқан қар үйінділеріне 271 мың текше метр қар шығарылып, жолдарға, көпірлерге, қиылыстарға, қала ішіндегі жолдарға көктайғаққа қарсы 6962 текше метр реагент төгілді ", - деп хабарлады С. Хорошун қала әкімдігінің шұғыл жиналысында.
Сонымен қатар, "Астана Қалакоммуншаруашылығы" АҚ өткен аптада мұз қалашығындағы сырғанақ төбелері мен мұз фигураларын тазартып, Ақбұлақ өзеніндегі және ескі қаланың орталық алаңындағы мұз айдындарын тегістеп, ретке келтірді.