Астанада сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар саны биылғы жылдың 9 айы ішінде 2 есе өскен

Қалалық прокуратура мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде Астанада қылмыстық тексеру органдары анықтаған 161 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. Ал өткен жылдың осындай мерзімінде 76 қылмыс тіркелген болатын. Яғни, анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен олар бойынша қозғалған қылмыстық істер саны екі есе өскен".

"Егер сыбайлас жемқорлық статистикасы жөнінде айтар болсақ, 9 айдың ішінде лауазымын асыра пайдалануға байланысты 34 қылмыс жасалған. Ал өткен жылдың 12 айында бар болғаны мұндай 24 қылмыс жасалған", - деп түсіндірді қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, Астана прокурорының орынбасары Болат Дембаев үстіміздегі жылдың 11 айында 170 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген, оның 14-ін прокурорлар анықтаған. "Өткен жылы Астана қаласында 91 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды", - деді ол.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, үстіміздегі жылдың 9 айында пара алумен байланысты 15 қылмыс, лауазымды тұлғаға пара берумен байланысты 93 қылмыс, жалған қызметтік құжатпен байланысты 14 қылмыс және экономикалық контрабандамен байланысты 2 қылмыс жасалған.

Қалалық прокуратура мәліметтеріне сүйенсек, Қаржы полициясы азаматтардың тұрғын үй бағдарламасы аясында заңсыз үй алуға деген ынтызарлығымен байланысты пара беру фактісі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалған.

"Соңынан бұл істердің барлығы бір қылмыстық іске біріктіріліп, төрт айыпталушыға мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алғысы келетіндердің көптігін біле отырып, жағдайды өз пайдаларына қарай бұруға шешкен. Содан кейін өздерін әкімшілік қызметкері немесе әкімшілікте лауазымды таныстары бар екендігін алға тарта отырып, азаматтардан 5 - 13 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алған. Сосын алынған соманы қарыз келісімшарты ретінде рәсімдеген", - деп түсіндірді қалалық прокуратура өкілдері.

Прокуратура ақпаратына сүйенсек, Астанада қаласында осы айыпталушылардың іс-әрекеті нәтижесінде 78 азаматқа жалпы сомасы 90 млн теңгеден астам сомада материалдық шығын келтірілген. "Қазіргі уақытта аталмыш іс Астананың Алматы аудандық сотында қаастырылып жатыр", - деп сөзін қорытты баспасөз қызметі.