Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық орталық ашылды

Еуропалық Комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдігінің өкілі Пьер Ив-Лукастың айтуынша, еуропалық комиссия жобаны "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қоры арқылы қаржыландыруда, оның жалпы құны 200 мың евроны құрайды. Орталық Астанада дүйсенбіден бастап жұмыс істей бастайды, онда сыбайлас жемқорлық пен бопсалау дерегімен бетпе-бет келгендер үшін шұғыл телефон жұмыс істейді.