Астанада сыныптасын өлтірген оқушының психикасында ауытқушылық болған

Бұл туралы Астананың Есіл аудандың прокуроры Біржан Мәжіренов мәлімдеді.

«Күдікті 2007 жылдан бастап психикалық денсаулық орталығынжа есепте тұрғаны анықталды. Дәрігерлік-ақыл кеңестік комиссия қорытындысына сәйкес, оған 2014-2015 жылдары орта мектепте жалпы білім бағдарламасы бойынша сынақ ретінде оқу ұсынылған. Бұл Астананың N76 мектебіне қабылдануға негіз болған», - деп прокурор бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Аудан прокуратурасы оқиғаны жан жақты және шынайы тексеруді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шаралар өткізу жөнінде тапсырма берген.

«Қазір осы факті бойынша Астана қалалық ІІД тергеу басқармасы тергеуге дейінгі тексеру жүргізуде. Тергеуалды тексеру жүргізу Қылмыстық кодекстің 15-бабына сәйкес, күдікті жасөспірім қылмыстық жауапкершілік артылатын жасқа жетпегеніне байланысты», - дейді прокурор.


Осыған байланысты өлім себебін анықтау үшін мәйітке сот-медициналық сараптама және бірқатар сот-криминалдық сараптамалар тағайындалды.