Астанада сырттан келген төртеу жаяу адамдарды тонаумен айналысқан

Сәрсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, таңғы төрт шамасында "Алматы" ауданы үйлерінің бірінің ауласында төрт жігіт күш көрсетіп, жалғыз жаяу адамның ұялы телефоны мен ақша салынған барсеткасын тартып алған.

Бірнеше минуттан соң олар тағы бір адамды тонап, одан да ұялы телефон мен құжатын, ақша салынған портмонесін тартып алған.

Сосын олар қашуға әрекеттенген, бірақ оларда оқиға болған орында шұғыл түрде полиция ұстап алған.

Олар сырттан келген 30 жастағы жұмыссыз жігіттер болып шықты, Астанада пәтер жалдап тұрады екен.


Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар изоляторға отырғызылды. Олардың басқа сондай қылмыстарға қатыстарының бар-жоқтығы тексерілуде.