Бұл туралы Астананың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, күдіктілер кемінде үш дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған
Олар шабуыл жасағанда дүкеншілерді ұрып-соғумен қатар, оларға пышақ жарақатын салған.
Сонымен қатар, олар жергілікті тұрғынды соққыға жығып, оның Мерседес көлігін мініп кеткен. Қазір көлік табылып, иесіне қайтарылды.
Жауап алу кезінде екі күдікті қылмыстарын мойындаған. Олар елордаға уақытша келген, еш жерде жұмыс істемеген.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша оқшаулағышқа қамалды.